Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyzy_ktk?igshid=NzNkNDdiOGI=) ОЙЫН ЕМЕС Телефонға оңай жүктеліп, суицидке итермелейтін қауіпті тапсырмалары бар мобильді қосымшалардың көзін жою қажет. Арасы жиілеп кеткен сұмдық жағдайлардан соң ата-аналар комитеті ішкі істер органдарынан кибербақылауды күшейтуді талап етіп отыр. ҚОҚЫСТАН ТАБЫЛДЫ ММА-дан кеткелі жолы болмады. Сотталып шыққан жекпе-жек шеберінің мәйіті табылған жерде ине мен есірткі де жатқан. АУЫСЫП КЕТКЕН Жеке сәйкестендіру деген жайына қалды. Бөтен төлқұжатпен қылмыскер абақтыда отырса, ал құжаттың нағыз иесі бостандықта жүр. Адам сенгісіз жағдайға құзырлы органдар қалай жол берген? ЖОЛДАҒЫ ЖАЗАТАЙЫМ Электромобильдің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, аядай ғана көліктегі 3 адамның өліміне себепкер болды. Зикр тізгіндеген азамат қамауда. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары