Көрермендеріміз "Аида Боранбай неге эфирге шықпай жүр? Неге сүйікті жүргізушіміз көзден таса болып кетті?" -деген сан мыңдаған сауал қойып, редакцияға дамыл таппай қоңырау шалып жатыр. Көп ұзамай Аида көрермендерімен қайта қауышады, ал қазір ол Түркия мемлекетінде жүр. Арнамыз Аида Боранбайды әдістік тәжірибе алмасу үшін Түркияның "ТРТ-АВАЗ" телеарнасына жіберді. Қазір ол Анкара қаласында. 1 ай бойы дикторымыз Анадолы елінде жергілікті қазақтарға арналған жаңалықтарды жүргізіп, сырт елдегі қандастарымыздың жұмыс тәртібін көріп, өзара тәжірибе алмасып келмек. АИДА БОРАНБАЙ, "Информбюро" жүргізушісі: Бұл жерде мен тек қызметтік қана емес, өмірлік тәжірибе жинауыма үлкен бір мүмкіндік алдым десем болады. Алдағы уақытта осы жерде үйренгенімді Қазақстанда көрсетіп, өз көрермендерімен амандықта қауышуға жазсын деп тілеймін.

информбюрожаңалықтараида боранбай