Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyzy_ktk?igshid=NzNkNDdiOGI=) ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовке Президент жанындағы комиссия кешірім бермеді. Бірақ соңғы сөз мемлекет басшысында. КАНИКУЛҒА КЕТТІ Заң жобалары шикі, сауалдарға жауаптарың да сырғытпа. Депутаттар соңғы отырыста министрлер кабинетін сынап алды. САЛЫҚ БОП ҚАЛАДЫ Амалы таусылған салықшылар көлік жүргізушілерді көшеде тоқтатып, қарызды төлетуге мәжбүр. Бір ғана Ақтөбеде 3 жарым мың адам кірістер органына берешек. СУСЫЗ ОТЫР 40 градус аптапта Балқаш қаласының тұрғындары ауыз сусыз қалды. Түнде станцияда от тұтанып, үш бірдей сорғы істен шыққан. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары