«Хабар» арнасында тағы бір тұсаукесер. Құрамына ақын, сазгер мен ән өңдеуші кірген шығармашылық топтар «Хит жазамыз» бағдарламасында бақ сынайды. Қазылар алқасы арнайы тақырып береді. Сол бойынша 45 минуттың ішінде шығармашылық топ ән жазып шығуы тиіс. Сондай-ақ жобаға жаңа туындыны орындау үшін танымал әншілер қатысады. Ал келесі айналымға өтетін қатысушыны қазылар алқасы таңдайды. Шығармашылық топ ән жазып жатқанда бағдарлама жүргізушілері Төреғали Төреәлі мен Ғазиз Ерболат әншілермен тарих пен мәдениет тақырыбында викторина жүргізеді. Бағдарламаның алғашқы шығарылымы – 17 қаңтар күні сағат 19.45-те көрсетіледі. Салтанат Аякенова, жобаның бас продюсері: – Осы бағдарлама арқылы біз көрерменге жақсы мәтіні бар, жақсы әнімен жазылатын ән сыйлауға мүмкіндігінше атсалыстық деп ойлаймын Бас жүлдеміз – жеңген адамға бейнебаян түсіріп береміз. Сол біздің бағдарламада жазған әні үшін. Және де екінші орынға Дубайға билет береміз. КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: https://www.youtube.com/c/KhabarNEWS?sub_confirmation=1 АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА: Отдел журналистских расследований https://youtube.com/playlist?list=PLdf11Ca_10ru2Tj6vkdWuof4T0rUWiEKK «Бүгін» ток-шоуы https://youtube.com/playlist?list=PLdf11Ca_10rsjBqYQHiMh2yYr1lIYT-13 «Khabarlas» https://youtube.com/playlist?list=PLdf11Ca_10rtds-wgF0HQHtM60pfDrNLz #ХАБАРМӘДЕНИЕТ #ХабарЖаңалықтар #ХабарNEWS

Телеканал Хабархабар жаңалықтархабар новостиказахстан новости 2021казахстан новости сегодняказахстан новостиновости прямой эфирновости на сегодняновости президентхабарХабарбағдарламаХит жазамызақынсазгерән өңдеуші