KEIPKER: біздің подкасттың жаңа форматы. Әр шығарылымға ешкімге ұқсамайтын ерекше кейіпкерлерді қонаққа шақырамыз. Олардың өмірлік тәжірибелерімен, қызықты оқиғаларымен, білген-түйгендерімен танысамыз. Әр кейіпкердің ҰБТ оқиғасынан бөлек, өзінің жеке тарихын бірге отырып тыңдайық. Алғашқы қонағымыз: Айжұлдыз Адайбекова - актриса, әнші, жүргізуші, театр актрисасы, түрлі аспаптарда шебер ойнайтын бесаспап, жастардың мотиваторы, блоггер, SEZ APP қосымшасының авторы, шығармашыл тұлға. Неліктен оны 2 рет университеттен шығарып жіберді? Қалай қайта шақырды? Өнер жолында қандай кедергілер кездесті? Анасының қолдауы қаншалықты әсер етті? Осы және өзге де сұрақтарға алдағ 1 сағатта жауап алатын боламыз. 00:00:00 - KEIPKER 00:01:49 - Айжұлдыздың мамандығы кім? 00:03:43 - Адамның өсуі қателіктерінде 00:05:09 - Мені университеттен 2 рет шығарып жіберді. 00:07:16 - Адам әлсіздігімен мықты. 00:08:05 - Ата-анасының арманын жалғастыратын балалар 00:12:58 - Сен недостаточно тырысқансың! 00:15:08 - Гиперопеканың зияны бар ма? 00:17:48 - Фокуспен проблемны қалай шешуге болады? 00:20:00 - Адамның энергиясы туралы 00:27:32 - Тұрақтылықсыз қабілеттен пайда жоқ 00:29:44 - Кастингтерден өткізбеді. 00:33:57 - Ішкі ойың денсаулығыңа әсер етеді. 00:43:29 - Неге біз адамдарды қабылдай алмаймыз?