Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyzy_ktk?igshid=NzNkNDdiOGI=) ЖЕТКІНШЕК ЖОҒАЛДЫ Ақтөбеде аутизммен ауыратын 13 жасар бала екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Анасы перзентханаға босануға кетерінде, Кәрімді ата-әжесінің үйіне қалдырып кеткен. ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРАДЫ Бәс тігетін шенеуніктер мен әскерилер жұмыстан шығарылады. 2 жылдан бері құмар ойынға қарсы осы заңды қатаңдатуға кедергі келтіргендердің болғанын депутаттар ашық айтты. ОРМАН ӨРТЕНДІ Жамбыл облысындағы Сарыкөбі орманшылығының 1800 гектар аумағы жанып кетті. Далалы жердегі өртті сөндіруге құтқарушылар жеткенше от көрші ауданның аумағына жайылыпты. КӨЛІКТЕР КӨБЕЙДІ Жаяу жүргеннен гөрі көлікпен кептелісте тұрған артық па? Алматы тұрғындардың 65 пайызының жеке автомобилі бар. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары